Етеккір неге аз келеді? Гипоменорея туралы.

етеккір неге аз келеді

Қалыпты жағдайда балиғат жасындағы әйелдедің менструалдық циклі қалдыптасқан болуы керек. Циклдан ауытқу – қандай да бір паталогиялардың бары туралы хабар береді. Бұл тек қана етеккірдің ұзақтығына ғана емес, бөлінетін сұйықтықтың мөлшері мен түсіне де байланысты. Әлсіз етеккірі кезінде де дәрігерге қаралып, ем алу керек. Қан мөлшерінің аз болуы – гипоменорея белгісі. Гинекологқа қаралатын қыздар мен әйелдер көбіне гипоменореямен ауырады. Кейбір жағдайларда бұл ағзадағы ауыр патологиялармен байланысты болады және шұғыл емді қажет етеді.

Қанның аз бөлуінің себебі

Етеккірі уақытында қанның аз бөліну себебін толық тексеріс қана анықтайды. Кейбір жағдайларда сұйықтықтың әлсіз бөлінуі қалыпты жағдай болып табылуы да мүмкін. Олардың қатарына мыналар жатады:

Жасөспірімдік кезең.

Менструалды циклдың қалыптасуы кезінде сұйықтық көп мөлшерде бөлінбеуі мүмкін. Бұл – қыздардың гормондық жағдайының тұрақсызыдығымен байланысты. Аналық жыныс бездерінің белсенді жұмыс істей бастауының бірінші жылында цикл тұрақтанып, етеккірі кезінде бөлінетін сұйықтық мөлшері қалыптасады.

Лактация.

Босанудан кейін менструалды цикл бірден қалыпқа келмейді. Баланы емізу кезінде бөлінетін пролактин гормонының әсеріне байланысты аналық жыныс жасушасының жетілу процесі уақытша тежеледі. Сәбиді емізуді тоқтатса, не тамақтандырудың басқа түріне көшсе, әйелдің аналық жасушалары қайта жетіле бастайды. Әдетте, жүктілік пен босанудан кейінгі алғашқы етеккірі жұтаң және қысқа мерзімді болады.

Климакс кезеңі.

Менопаузаның келуімен бірге әйелдің аналық жыныс жасушаларының толыққанды жұмыс жасауы тежеледі. Гипофиз бен гипоталамус аналық бездерге әсер етіп, эстрогендердің бөлінуі біртіндеп бәсеңдейді. Енді әр цикл сайын аналық бездер жетілмейді. Жатыр қуысында төселген эндотелий әдеттегіден гөрі кішірейеді. Міне, сондықтан, етеккірі кездінде қан аз бөлінеді.

Бірлі-жарым жағдайлар.

Бала тууға қабілетті, дені сау әйелдердің кейбіреуінде қан аз бөлінеді. Әдетте бұл акклимитизация кезінде орын алады. Егер, келесі менструация кезінде етеккір өздігінен қалыпқа келсе, алаңдауға себеп жоқ.

етеккир неге аз келеди

Гипоменорея алғашқы және қайталама болады. Егер, қан мөлшері басынан бастап аз болса, бұл – жетілмеген жыныс мүшелерінің белгісі. Бұндай жағдайда дәрігерге қаралып, ем қабылдау керек. Қайталама жағдайда етеккірінің мөлшері аяқ асты азаяды. Себебі әртүрлі болуы мүмкін: денеге түсетін ауырлықтың қарқынды болуы, арықтау, дұрыс тамақтанбау, стресс, улану, инфекция жұқтыру, эндокриндік ауру, жарақат алу, операция, темірдің аздығы, зат алмасу процесінің бұзылуы.

Гипоменорея белгілері

Гипоменорея кезінде әйелдер сұйықтықтың азаюын байқады, ал етеккірдің ұзықтығы өзгермеуі де мүмкін. Егер, менструация үш күннен аспаса, бұны олигоменорея деп атайды. Қалай болғанда да гипоменореяның өзіне тән ерекшеліктері бар, бөлінген сұйықтықтың түсі де маңызды. Гипоменорея кезінде қанның түсі қоңыр болады. Өте сирек жағдайда тек бірнеше тамшы қан бөлінуі мүмкін.

Гипоменореяның белгілері: бас ауруы, жүрек айнуы, іш қатуы.

Қанның аз бөлінуіне жалынатын әйелдердің менструация кезінде жатыр бұлшықеттері қатты қысқара бастайды. Сондықтан олар етеккірі уақытында ауырып, өздерін жайсыз сезінеді. Экстроген деңгейінің төмендеуіне байланысты жыныстық құмартуы әлсірейді.

Паталогияны дәрімен емдеу

Егер, етеккірі уақытында ешбір себепсіз сұйықтық мөлшері азайса, гинекологқа бару керек. Тексерістен кейін дәрігер зертханалық талдамаға жібереді. Нәтижесін көргеннен кейін дәрігер тиісті ем жазып береді. Жатыр мен жасушалар УДЗ қажет болады. Егер талдамалар ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуын анықтаса, гормоналды ем тағайындалады. Уақыт өте қан мөлшері қалыпқа келеді. Әдетте гинекологтар экстрогендер мен прогестиндерді жазып береді. Дәріні тағайындау қандағы жыныс горомондарының шоғырлануына байланысты. Қабылдау ұзақтығы – 3-6 ай.

Желке тартып бас ауырса қандай аурудың белгісі?

Желке тартып бас ауырса

Желке тартып бас ауырса. Кейде желкенің жағымсыз, азапты ауыруы ауыр дерттің хабаршысы болуы мүмкін. Әсіресе ауырсыну созылмалы түрде жиі қайталанып тұрса. Егер ол ауық-ауық, қосалқы белгілерсіз өтсе, бұл – шаршағындық пен қажудың әсері.

Желкенің ауыру түрлері мен себептері

Остеохондрозбен ауыратын адамның желкесі солқылдап, батып, қысылып ауырады. Әдетте ол бұлшықеттердің қажуынан, бас қалпының қате орналасуынан болады. Қосалқы белгілері: есту қабілетінің нашарлауы, көздің бұлдырлауы.

Мойын остеохондрозы кезінде кей жағдайда бас сақинасы ұстайды. Желке тұсы кенет шыдатпай ауыра бастап, самай мен қабақ үстіне дейін жайылады. Онымен бірге құлақ шуылдап, көз қарауытады.

Желке тартып бас ауырса

Омыртқаның қабынуы кезінде мойын, иық, бұғана, желке тұстары ауырады да, қолды қозғалту қиындайды.

Мойын спондилезі – мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Көбінесе бұл жас ерекшеліктерімен байланысты. Мойынның қозғалғыштығы бәсеңдеп, желке не созылмалы, не үнемі ауыра бастайды. Кейде бұл ауру көз бен құлаққа дейін таралуы мүмкін.

Белгілері

1. Мойын миозиті – мойын бұлшықетінің қабынуы. Басты белгілері – мойын мен желке, сонымен қатар жауырын арасының сыздап, созылмалы түрде ауыруы. Әдетте адамның бір жағы екіншісіне қарағанда қаттырақ ауырады. Миозит суық тигізкендіктен, қажудан пайда болады.

2. Миогелоз кезінде желке, мойын, иық тұсы орташа ауырады, бас айналады. Бұл ауру мойын бұлшықеттеріндегі қай айналымының бұзылуынан пайда болады.

3. Егер желкедегі ауру «атқыш», шадымсыз, ұстамалы болса, бұл шүйделік жүйкенің невралгиясынан (қабынудан) болуы әбден ықтимал. Ол ауық-ауық басылып, желкенің сырқырап, батып ауыруына алмасады да, арқа мен жақтың ауыруына өтеді. Себебі – суық тигізу, омыртқа аурулары.

Желке тартып бас ауырса

4. Күретамырлық қысым көтерілсе, желке қатты ауыра бастайды. Қысым 300-ге жеткенде, желкеден басталған ауру бастың басқа да бөлімдеріне өтеді. Әсіресе, адамдар ұйқыдан киін бастарының ауыратынына шағымданады.

5. Тістің прикусын дер кезінде емдемесеңіз, болашақта өзіңізді жайсыз сезіне бастайсыз. Желке сырқырап ауырып, шықшыт пен төбе ауыра бастайды. Аурыдың бұл түрі әдетте созылмалы өтіп, кешке қарай күшейе түседі.

6. Жұмыста көп қозғалмайтын, бір орында отыратын адамдар да бас пен желкенің ауруына шамданады. Әдетте, бір-екі жаттығудан кейін, демалыстан өзі-ақ жазылып кетеді.

7. Аяқ асты стресс те желкенің ауыруына себеп болады. Әсіресе бұндай белгілер 30 жастан асқан әйелдерде басталады.

Желке тартып бас ауырғаның қалай емдейді?

Желке тартып басыңыз ауырса сізге терапевт, невролог, травматолог, кардиолог және ортодонт дұрыс диагноз қоюға көмектеседі. Қойылған диагнозға байланысты ем қабылданады. Массаж, қолмен емдеу, физиотерапия (электрофорез, магнитотерапия, ультродыбыстық терапия), дене шынықтыру арқылы ауруды емдеуге болады. Дерттің асқынған түрінде дәрігер арнайы антибиотектер тағайындайды.

Желкенің ауыруын басуға мына заттар көмектеседі:

• Бөлмені желдету мен ылғалдандыру. Айқай-шудан тынығу, күннің астында отырмау, біраз уақыт қатты жарық жерлерден алшақ жүру;

• Желкенің массажы;

• Мойынға арналған орамжапырақ комперресі;

• Шөпті шайлар (жөке, жалбыз, сәлбен);

• Ортопедияалық жастықтар.

Іш қату. Іш қатудан қалай құтылуға болады

іш қатудан құтылу

Проктологтордың айтуы бойынша үлкен дәретке бармау – іш қатудың белгісі. Ағылшындықтар қалыпты жағдайда дәретханаға күніне үш рет немесе аптасына үш рет бару керек дейді. Ал қазақстандық дәрігерлер күн сайын таңертең үлкен дәретке отыру қажет деп санайды және бұл нормадан ауыған барлық жағдайларды іш қату деп қаьылдайды. Дамыған батыс елдерінде адамдардың 10% бұдан зардап шегеді, әйелдер еркектерге қарағанда үш есе артық ауырады.

Бұған не себеп? Ішек қабырғаларының босауына немесе жолда кедергілердің пайда болуына байланысты нәжістің жылжуы баяулайды.

Іш қатудың белгілерін қалай тануға болады?

Нәжістің шықпауына байланысты іш ауырады, ауырлық сезімі пайда болады. Ол тек үлкен дәретке отырханнан кейін немесе желдің шыққанынан кейін ғана басылады.

Іштің кебуі жүректің ауруымен қатар жүруі мүмкін. Тәбет азаяды, кекірік пен ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады. Бас ауырып, буындар әлсірейді. Көңіл-күй құртылып, ұйқы бөлінеді. Тері өзгерістеріне оның бозаруы, сарғаюы, созылмалығының кетуі жатады.

иш катудан емдеу

Несімен қауіпті? Бұл өте маңызды мәселе. Себебі, дерттің асқынуы тоқ ішек ауруларына, тік ішектің түсуіне және қан кетуге әкеледі.

Бірден дәрігерге қаралу керектігінің тағы бір дәлелі – іш қату жүйке жүйесінің, эндокринді, ішекті және онкологиялық диагноздардың бір көрінісі. Дер уақытында маманға көрілу аурудың тез емдеуге көмектеседі. Дәрігер іш қатудан құтылудың ең тиімді әдісін ұсынады.

Іш қату болмау үшін не істеу керек?

Ғалымдар ағзадағы дене мүшелерінің өзара байланысын барынша зерттеуде, жаңа мақалалар, зерттеудер, еңбектер бар. Бір дене мүшесінің ауыруы қалғандарына әсер етеді: көңіл-күй мен жалпы денсаулық нашарлайды. Сондықтан ас қорыту жүйесі жақсы істеуі керек: оны үнемі қалпында сақтау үшін не істеу керектігін қазір айтамыз.

іш қатуда тамақтану

Дұрыс тамақтану

Əрине, бірінші қадам – дұрыс тамақтану. Бұл өте маңызды. Десек те үлкен қалада дұрыс тамақтанатын неше жан бар? Қала тұрғындары супермаркетте сөрелерден нені алады? Ең құрығанда алған заттарының 15% көкөніс пен жеміс-жидек пе? Ал олар ағзаға пайдалы дəрумендерге бай. Бір сәтке болсын ата-əжелеріңіздің не арғы араларыңыздың қалай тамақтанғанын ойлап көріңізші. Біздің жейтін лапшамызды көргенде олар не ойлайды? Тұқымдары əртүрлі ас ішетінін, бірақ біреуі де пайдалы емес екенін көріп таң қалатын шығар. Таза суды күніне қанша рет ішесіз? Таңғы асқа дейін бір стакан таза су ішуді əдетке айналдырыңыз. Ол ағзаңызға оянуы керек деген белгі жеткізеді.

Дұрыс ұйықтау

Адам ағзасы эволюциялық өзгеріске түсіп, күйзеліс уақытында не маңызды сəтте дəретке жүгірмеуді үйренді. Мысалға жолбарыстың артынан жүгіріп бара жатқан аңшының аяқ асты іші бұратылып, дəретке отыратын жер іздеп жүрсе ше? Ыңғайлы уақыт емес, солай ғой? Сондықтан олар шыдап үйренген. Уақыт өтті, дəуірмен дәуір алмасты, алайда ішіміз күйзеліс уақытында шыдауға үйреніп қалған. Оның демалуы қиын, сондықтан іш қату да пайда болды. Демалудың ең қарапайым мысалы – ұйықтау.іш қатудан емдеу

 

Кешке кино көріп, желіде отырудыңорнына 2-3 сағат уақытыңызды артық тынығу мен ұйықтауға бөліңіз. Себебі бұл ағза үшін керек. Əйтпесе денеңіздің шаршауы күйзеліске айналып, организм сол жағдайда өмір сүруге үйренеді: ағза мүшелерінің қызметі əлсіреп, нəжіс сыртқа шығарылмайтын болады.

Көп қимылдаңыз

Біз ақырындап іш қатудың үшінші жауына да келіп жеттік. Іш қату дене белсенділігінің төмендеуінен туады. Тынығу кезінде ағза нәжіс шығаруға қалыптаспаған. Егер өз-өзіңізге «демалыс» жарияласаңыз сыртқы дене мүшелерімен бірге ішкі мүшелер де тынығады. Сондықтан ішек жұмыс істемейді. Ауру адамдар дәретке отыруда неге қатты қиналады? Өйткені олардың әлсіреген ағзасына тыным керек. Қолымыздан келгенше денемізге салмақ түсіріп, үнемі қозғалыс үстінде жүрсек қана іш қатудан қиналмайтын боламыз. Есіңізде болын: дені сау адамға күніне 11 мың қадам жасау керек. Өз жасыңыз бен денсаулығыңызға қарай осы қағиданы ұстаныңыз. Әйтпесе іш қатудан ғана емес басқа да аурулардан ем іздейтін боласыз.

Дәртеханаға таңертең барыңыз.

Күн сайын үлкен дәретке отыру әдетіңізге айналсын. Дәрігерлер бұл әдістің дұрыс екенін растайды. Себебі түні бойы ағзамыз сыртқа шығарар нәжісті жинайды, келесі күні оны ішіңізде сақтап не қыласыз, таңертең бірден дәретке отырып, жеңілдеңіз. Осыған дағдылансаңыз ағзаңыз бен асқорыту жүйесіне қатты көмектесесіз.

 

Пайдалы жазбалар:

Іш қатуға қарсы дәрі. Іш өткізетін ең тиімді 6 дәрі

Геморрой. Үй жағдайда көтеу ауруын емдеуге болады ма?

геморрой көтеу ауруы емдеу

Көтеу немесе Геморрой – жағымсыз ауру. «Өзің көре алмайсың, біреуге де көрсете алмайсың». Əр түрлі деректерге сүйенсек. ерлер мен əйелдерді қосқанда халықтың 85%-ы осы аурумен ұшырасады.

Бұл мақалада біз геморройды үй жағдайында қалай емдеуге болатынын, алдын-алу шараларын қарастырамыз. Тағы айта кететін жағдай геморрой болғанда қандай диета ұстау керек екендігі жөніндегі мақалаға назар аударыңыз.

Геморройдың пайда болу себептері

Көтеудің шығу себебі – тік ішектің төменгі бөлігіндегі қан тамырларының кеңеюінен түйіндердің пайда болуы.

Сонымен қатар, ректус бұлшықетінің әлсіздігі мен Паркс жалғауының байланысы дамиды, олардың міндеті – қуыстардың ағзаларын орнында ұстау. Нәтижесінде геморрой қалпына келмей, одан әрі асқына береді. Көтеудің даму себептері мен алғышарттары туралы біздің мақаланы оқып шығуды ұсынамыз.

көтеуден геморройдан емделеу

Даму сатылары

Даму сатылары 4 сатыдан тұрады.

Бастапқы дамуы кезеңдерінде ауру әкелетін түйіндер тік ішектің ішінде орналасады.

Үшіншіде – науқасқа сыртқа шыққан геморройды қолмен түзеуге тура келеді. Ал төртіншісінде түзету мүмкін емес.

Көтеу қалай пайда болады?

Геморройдың алғашқы белгісі – үлкен дәреттен кейін қанның пайда болуы, дәрет қағазында қызғылт түсті дақтардың көрінуімен қатар қанның шығуы. Қанның көп кетуінің салдарынан науқас ауруханаға ауыр анемиямен түседі. Гемоглобин 50 г/л түсіп кетеді.

Созылмалы геморройдың екінші белгісі – үлкен дәрет уақытында артқы тесікте сызықтардың пайда болуы.

көтеуді емдеу

Анус айналасындағы ауырсыну – тромбоз бен қабыну белгілері. Бұл жағдай – асқынған геморройдың симптомы, оның даму кезеңдері мынадай.:

  1. Геморройдальдық сызықтардың қабынусыз тромбозы – сызықтар үлкен емес, бірақ тығыз, шамалы ауырады.
  2. Қабыну реакциясының дамуымен бірге жүретін геморроидальды түйіндердің тромбозы – пальпация және жүру кезінде түйіндердің ісінуі, қызаруы, қатты ауыруы.
  3. Қабыну теріге және тері астындағы тіндерге таралады, геморройдың шырышты қабаты жаралар ойылады.

Геморройдың алдын алу және оны емдеу құралдары

Көтеуге қарсы ең жақсы құрал – алдын алу. Ауруды әкелетін бейімдеуіш факторлар бар:

  • Тұрақсыз дәретке шығу, іш қату немесе диарея үрдісі, дәретханада үлкен дәрет уақытында қатты күшенбеу немесе кітаппен ұақ отырып қалмау;
  • Ауыр физикалық жұмыс және, керісінше қозғалыстың жетіспеушілігі, бір орында ұзақ отыру;
  • Жүктілік және туу;
  • Алкогольды асыра пайдалану;

Өмір салтын түзеу аурудың уақытын азайтуға көмектеседі.

1. Мүмкіншілікке қарай диетаға отыру: қарапайым көмірсулардан бас тарту (майлы тағамдар, кәмпиттер). Күрделі көмірсулары бар нәрсе жеу керек (көкөністер, жемістер, бидай наны). Шай, кофенің орнына газдалмаған су ішкен дұрыс. Бұл асқазанға көмектеседі.

2. Алкогольден, сырадан бас тарту.

3. Көтеу уақытында атпен, велосипедпен, ауыр атлетикамен айналысуға тырысыңыз, сондай-ақ жаяу жүру және жүзу маңызды болып табылады.

4. Іштегі пресстерді және бөкседегі бұлшық еттерді қатайту, Кегельге байланысты гимнастика жасау пайдалы.

5. Дәретханада ұзақ отыру жаман әдет. Бірақ дәретханадан шыққаннан кейін жуыну үшін душ қабылдаған өте пайдалы.

Аурудың алдын алған күннің өзінде геморройдан құтыла алмасаңыз, алдын ала қобалжи бермеңіз.

көтеу геморрой үй жағыдайда емдеу

Мүмкіндігіңізге қарай жатып, ауырған жерге марганцовканың жеңіл қоспасына былғанған салқын компресс қойыңыз немесе түймедақ (ромашка) ваннасын қабылдағаныңыз жөн. Жеке гигиена мен диетаны да ұмытпау керек.

Жергілікті емдеуге арналған құралдарды таңдау қандай белгілердің басымдық етуіне байланысты.

Үй жағдайында көтеуге геморройға арналған препараттарды шолу

  • Алдын ала 5 күндегі Көтеуден Құтылатын курсты оқып көріңіз – сілтеме.
  • Қан кету кезіндегі үздік дәрі – қан айналдыратын шамдар, эпинефрин немесе фенилэфрин (Релиф, Прокто-гливенол). Оларды құрамында тромбин және фибриоген бар оңай табылатын құралдарға алмастыруға болады (Берипласт, Адроксон).
  • Тромбирленген сызықта мәселе болса жергілікті анальгетиктенген мазьдар жақсы көмегін береді. (анастезинмен, лидокаиномен, неомицинмен) – Релиф А, Нефлюан және Эмла.
  • Қиын емес тромбоз кезінде антикоагулянттар керек – гепарин мазы, Нигепан.
  • Егер тромбоз қабынумен үйлессе, нестероидтық препараттарды (Кетопрофен, Диклофенак кремдері) және әсіресе қабыну терілік зудпен үйлессе кортикостероидтар көмектеседі (Проктоседил, Ультропрокт, Ауробин).
  • Егер қабыну жайылып жатса онда теріге Левомеколь немесе Мафинид маздары жағылады.

Жергілікті емдеуді жүргізу флебоброфиялық препараттарды қабылдау арқылы ұсынылады, себебі геморрой – ең алдымен веноздық ағысты бұзылуы. Бұл топқа мыналар кіреді:

  • Трохевасин;
  • Диосмин;
  • Детралекс.

Дәрілік препараттарды кем дегенде бір апта қолдану керек. Мұндай комбинация терапиясы көбінесе шиеленісті жеңуге көмектеседі, алайда дәрігерге барудан қашпау керек.

Көтеу немесе геморрой ауруымен дәрігерге қашан көрінуге болады?

Ректосигмоидты бөлімшенің ісінуі себебінен болатын полип, дивертикулумның алдын алу үшін тікішіктен бірінші қан кеткен жағдайда дәрігерге тексерілу керек. Тексерілуге сыртқы анализ және ректороманоскопия кіреді.

Егер қан кету 5-7 күннен артық созылса немесе жиі қан кетіп жатса, мұндай жағдайда малоинвазивтілік араласу (склеротерапия, лигатура, инфрақызыл коагуляция) жақсы нәтиже береді.

Қабыну дамуы кезінде, әсіресе процесс геморроидальді тордан тыс таралса – бұл паропроктитпен, тіпті сепсиспен де байланысты. Түйіндерді қолмен түзету керек болса, хирургиялық емдеу жағын шешу мүмкін емес.

Айта кету керек, ұялмаңыз және өз өзіңізді көп емдемеңіз! Егер геморройдың ауыр кезеңі болса, онда қиярмен емдеу сияқты ешқандай халықтық құралдар сізге көмектеспейді, сіз уақытты жоғалтып, жағдайыңызды одан сайын жаман қыла түсесіз. Дәрігерді геморроймен таңғардыра да, күлдіре де алмайсыз, ал кеңес беру және уақытылы емдеу сізге аурудан құтылуға көмектеседі.

Геморрой ауруымен қандай дәрігерге өтініш беру керек?

Проктолог геморроймен айналысады. Дұрыс тамақтанудың бұл ауруға тығыз қатысы бар, сондықтан диетолог та көмектеседі. Жіті постхеморрагиялық анемия дамыған кезде гематологтың кеңесі қажет.

Геморрой. Сіз не жей аласыз?

Тамақтанбау – көптеген аурулардың нашарлауының себебі, оларға көтеу немесе геморрой да жатады. Науқастар қабыну үрдісі басталғанда ғана диета ұстайды, бірақ диетаны үнемі ұстағанда сол аурудың алдын алуға болатынын ойламайды.

Дұрыс тамақтану қажеттілігі туралы

Алкогольді қолдану геморройдың дамуына ықпал етеді.

Геморройдың пайда болуында және аурудың шиеленісінде тамақ факторы көбінесе маңызды рөл атқарады. Кейбір тағамдармен тамақтану аралық және жамбас тамырларына қан ағымының ұлғаюына әкеліп соғады. Сәйкесінше веноздық жүйені қанмен толтыруға себеп болады, нәтижесінде геморрой пайда болады. Мұндай әсерді ысталған, маринадталған, консервіленген өнімдер, дәмдеуіштер, дәмді тұздықтар мен алкогольдер тудыра алады, яғни бұл өнімдер геморройдан зардап шеккен адамдардың диеталарынан толығымен алынып тасталуы керек.

Сондай-ақ, геморройдағы диетаның мақсаты іш қатудың алдын алу болып табылады. Бұл ауруда, әсіресе ол асқынып кеткен жағдайда, іштің қатуы қосымша проблемаларды тудыруы мүмкін.

Геморройдағы тамақтанудың жалпы принциптері

Науқастың ішегі қалыпты жұмыс істеуі үшін өсімдік тамақ өнімдерін (көкөністер, жемістер) бай талшықтарды жеткілікті тұтынуға тиіс. Талшықтар нәжісті жұмсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, талшықты қалыпты қорыту маңызды рөл атқарады және ішек микрофлорасының дұрыс құрамын сақтау үшін қажет.

Күнделікті сұйықтықтың жеткілікті көлемін ішу қажет, ол нәжістің тығыздығы төмен болу үшін қажет. Егер адам жеткіліксіз су ішсе, онда тығыз нәжіс ішек арқылы баяу қозғалады және оларды жою үшін сіз көп күш саласыз.

Бұл ішек қабырғасына қысым және геморройдың сызықтарының зақымдалуы анальды сызаттарға әкеледі.

Тұрақты тамақтану, ішектің жұмысын дұрыстауға және іш қатудан құтылуға көмектеседі. Тамақты аздаған порциямен күніне 5-6 рет қабылдау керек, мүмкіндігіне қарай күнде бір уақытта.

Геморрой кезінде не жеуге болады?

Бұл ауруға арналған диетаның басым бөлігі – көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақылдар. Сіз қарақұмық, арпа, сұлы, арпа, жармалар жеуіңізге болады, бірақ күріш және жарма қайнаған болуы тиіс. Нан ұнға аунатылған, кебегі бар наннан таңдап алынуы керек, жаңа піскен нанды жеуге болмайды. Егер макарон өнімдері бидай дәнінен болса жеуге болады.

Негізі кез келген көкөністі жеуге болады, бірақ арасынан қызылша, сәбіз, қырыққабат (брокколи және түсті түрлерін де), қияр және қызанақты көптеп жеу керек. Оларды буға пісіруге, қайнатуға, пісіруге немесе жаңа піскен күйінде жеуге болады. Жемісті жуып жеу өте пайдалы, әсіресе алма, банан, өрік, қара өрік, цитрус және кептірілген жемістер(өрік, қара өрік, мейіз) бірақ сіз олардың піскеніне көзіңізді жеткізуіңіз қажет.

Көтеу кезінде ет және балықтың майсыз сорттарын буланып пісірілген немесе пешке пісірілген күйінде жеуге болады. Кез-келген өсімдік майы, әсіресе зәйтүн және зығыр денсаулыққа пайдалы, оларды майонездің орнына салаттарға қосуға болады. Ашытылған сүт өнімдерін, әсіресе қосымша байытылған лакто және бифидобактерияны пайдалануға шектеулер жоқ.

Сусындардан әртүрлі жеміс шырындары мен аздап шай ішуге болады. Сонымен қатар, таза су ішу керек. Іш қатуды болдырмау үшін бос асқазанға күнделікті бір стакан суық су ішу ұсынылады. Аурудың ремиссиясы кезінде аз мөлшерде алкогольсіз сусындар тұтынуға болады.

Геморрой кезінде не жеуге болмайды?

Геморрой үшін тамақтанудағы шектеулер көп емес. Кейде, мысалы, мерекелік үстелде сіз тыйым салынған нәрсе жеп қойсаңыз да, аурудың шиеленісуі екіталай. Дегенмен, ас қорытуды жақсарту үшін ішу үшін препараттар (Мезим, Панкреатин, Кредон және т.б.) артық етпейді.

Майлы, қуырылған, дәмді тамақтан, консервілерден және маринадтардан бас тарту керек. Жаңа піскен ақ нан, майлы кремі бар кондитерлік өнімдер мен крем, тоқаштар, шоколадтарды жеуге болмайды. Сондай-ақ күшті кофе мен шай, какао, кисельдер және күшті спирт ішпеңіз.

Көкөністерден ақ қырыққабат, шалғам, бұршақ, сондай-ақ тұтынылатын картоптың мөлшерін шектеу керек.

Геморрой шиеленісіп кетсе диетаны қатаң түрде ұстануыңыз керек, ешқандай ерекше жағдайға жол берілмейді.

Жүктілік анықтайтын тест. Оны қалай пайдаланады?

жүктілік тест пайдалану

Жүктілік тест: қалай, қашан және неше күннен кейін жүргізу керек? Жүктілік тест—қазіргі таңдағы жүктілікті анықтайтын ең оңай әдіс. Оның көмегімен жүктілікке дейінгі кезеңді білуге болады, өйткені қазір сезімталдыққа түрлі тесттер беріледі. Анық әрі нақты нәтиже алу үшін үй жағдайындағы жүктілікті анықтау экспрес-диагностикасының ұсақ-түйектерін біліп алу керек.

Мазмұны:
1. Дұрыс қорытындының ықтималдылығы
2. Жүктілікті анықтайтын тесттердің түрлері
3. Жүктілік тестісін қалай жүргізу керек?
4. Неге тесттегі екінші жолақ әлсіз көрінеді?
5. Жүктілік тестісін кешке жүргізуге бола ма?
6. Жүктілік тестін қолдану кезіндегі кеңестер мен ұсыныстар.

Дұрыс қорытындының ықтималдылығы

Алынған ақпараттың нақтылығы жүктілік тестісін қолданғанда 97,5%-ға тең келеді. Және де нәтижесінің нақты шығуы тест нұсқаулығын сақтықпен қолданғанда және бірнеше ережені ұстанғанда нәтижелі болады.

Жүктілікті анықтайтын тестті қай кезде жүргізуге болады?

Жүктілік тестісін өндірушілердің ұсынысы бойынша, әдетте еттеккір кешігуінің 1-ші күнінен кейін жүргізілуі керек. Оны былай түсіндіруге болады, одан ертерек қажетті гормон дәрет құрамында байқалмайды.

Жүктілікті анықтайтын тесттердің түрлері

Дәріханаларда бағасына қарай, сезімталдық белгісіне қарай ерекшеленетін жүктілікті анықтайтын тесттердің үлкен ассортиментін табуға болады. Әрбір өндіруші нақты қорытындыны уәде етеді, сондықтан олардың айырмашылығына мән беруіміз қажет:

Стрип-тест немесе барлығымыз білетін, әрі гормонға әсер ететін арнайы антиденелер қабаты бар қағаз жолақшасы. Олар дәрет құрамындағы гормондармен әрекеттесіп, жолақшадағы екінші жолақтың пайда болуын туғызады. Бұндай тесттер көбіне танымал әрі арзандығымен ерекшелінеді. Бірақ, оларда кейбір басқа түрлері секілді ыңғайсыз және де жүктілікті етеккірдің кешігуінен кейін ғана көрсете алады. Жүктілік диагностикасын стрип-тест көмегімен жүргізу кезінде таза ыдысты алып, оған дәреттің біршама көлемін жинау керек. Сол ыдыстағы дәретке тесттің деңгейі көрсетілген жағы салынып, 10 секунд ұсталады. Қорытындысы 3-10 минут аралығында байқалады. Неғұрлым екінші жолақша тезірек көрінсе, дәрет құрамындағы арнайы гормонның концентрациясының жоғары екендігін білдіреді.

жүктілік тест қалай пайдалау

Ағынды тест пайдалануға ыңғайлы, ол үшін ыдысқа дәретті жинаудың қажеттілігі жоқ. Оны дәретке тигізсе ғана жеткілікті, сонысымен үй жағдайында пайдалануға ыңғайлы. Фильтрдің бір ұшы 10 секунд бойына дәретке тиіп тұрады, ал қорытындысы 1-10 минутқа дейінгі уақытта анықталады. Бұндай тесттар қымбат болғанымен, өз ерекшеліктері бар: нақтылығы және пайдалану ыңғайлылығы.

Планшетті тест екі терезесі бар қораптан тұрады. Пайдалануына қарай стрип тестке ұқсайды, бірақ қымбаттырақ және сенімді. Оның комплектісінде пипеткасымен және дәретті жинайтын ыдысы болады. Терезесінің біреуіне пипеткамен дәретті кішкене тамызады, екіншісінде қорытындысы көрінеді. 10 минут ішінде бағалауға болады.

Сонымен қатар оқи отырыңыз: Етеккірдің кешігуі – неге сізде етеккір жоқ?

Жүктілік тестісін қалай жүргізу керек?

Жүктілік тестісін пайдаланудың алдында оның әртүрлігіне байланысты нұсқаулығымен танысу керек. Қорытындысы нақты болып шығу үшін бірнеше ережені сақтау керек:

1. Әдетте тесттерде жүргізу уақыты көрсетілмейді, алайда гинекологтар таңертең ұйқыдан кейін жасауды ұсынады: өйткені түнгі дәрет құрамында арнайы гормон концентрациясы көп болады және жүктіліктің бастапқы кезін осы уақытта байқауға болады.

2. Ақпараттың нақтылығына дәрет айдаушы құралдармен көп қолданылған сұйық көлемінің әсері болуы мүмкін.

3. Егер етеккірдің кешігуінен кейін тест жүктілікті көрсетпей тұрса, ал етеккір келмей жатса, бұл әрекетті бірнеше күннен кейін қайталау керек. Әсіресе бұл жүйесіз циклді әйелдерге қатысты.

4. Неғұрлым тест арзан болса, құрамындағы реагент құндылығының төмендігін айтады, соған байланысты қателесу қаупі үлкен.

5. Көбіне пайдаланатын дәретке салынатын тест жолақшалар. Бұл жерде, тестті көрсетілген деңгейге дейін және ұсынылған уақытта ұстау маңызды, нәтижесін уақыт бойынша қарау керек. Бұл қате қорытындының алдын алады.

6. Тест нәтижесі нұсқаулығында көрсетілген. Жолақшаның біреуі бақылау міндетін орындағандықтан міндетті түрде боялады, ал екіншісі тек жүктілік кезінде ғана боялады.

Неге тесттегі екінші жолақ әлсіз көрінеді?

Егер екінщі жолақ бар болып, бірақ әлсіз көрінсе, ол дәрет құрамындағы КДЧ төмендігін айтады. Оған себеп болуы мүмкін:

-Жүктіліктің үзілу қаупі;

-Жүктіліктің кішкентай мерзімі;

-Жатырдан тыс немесе дамымай қалған жүктілік.

Бұндай жағдайда тест оң нәтиже береді, дегенмен бірнеше күннен кейін бақылау тестісін қайта жүргізген абзал.

Өйткені кейде әлсіз көрінген екінші жолақ өтірік қорытындыны көрсетуі мүмкін.

Жүктілік тестісін кешке жүргізуге бола ма?

Жалпы тестті тәуліктің кез келген уақытында жүргізуге болады, бірақ қорытындының нақтылығы осыған байланысты: жоғарыда айтылғандай, жүкті әйелдің ағзасындағы арнайы гормон концентрациясының көп бөлігі таңертеңгі дәретінде көп көрінеді. Сондықтан диагностиканы кешкісін жүргізгенде қате қорытындыға ұрыну қаупі үлкен.

Жүктілік тестін қолдану кезіндегі кеңестер мен ұсыныстар.

Гинекологқа мынадай жағдайларда міндетті түрде қаралу қажет:

1. Бірнеше күн аралығында жасалынған жүктілікті анықтауға екі рет жүргізілген тесттің оң нәтижесінде;

2. Екі тест екі түрлі қорытынды берсе;

3. Бірнеше тестта әлсіз көрінген екінші жолақ болса;

4. Тест жүктілікті көрсетпейді,бірақ етеккір циклы да кешігеді.

Жүктілікті анықтауға немесе жоққа шығаруға дәрігер қосымша зерттеулер береді. Ол үшін қан талдауы, УЗИ және арнайы гормон деңгейі пайдаланылады.

 

Пайдалы мақалалар:

Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Етеккір не үшін кешігеді?

Етеккір не үшін кешігеді?

етеккір неге кешігеді кешіксе

«Етеккірім неге кешігіп жатыр?» – деп сұрасаңыз осы мақаланы оқуға ұсынамыз. Етеккірдің кешігуі – бұл 35 күннен асып келмей кешіккен етеккір циклының бұзылуы. Бұндай жағдайға себептер физиологиялық факторлар болуы мүмкін, мысалы, жүктілік, климакстың ерте басталуы немесе басқа да әйелдің ағзасындағы патологиялық өзгерістер. Етеккірдің кешігуі, бұзылуы кез келген жаста бола беретін жайт. Дәрігерге қалыпты уақытынан 5 күнге кешіккен кезде қаралу керек. Емделудің жолын көрсетіп жөнін айту үшін мәселенің себебін анықтауға гинеколог көмек көрсете алады.

Етеккір циклы.

Ұрпақты болуға жарамды жаста әйел ағзасы жүйелі циклмен жұмыс жасайды. Мұндай циклдің соңғы кезеңі – бұл ай сайынғы етеккірдің келуі. Ол жағдай аналық ұрықтың ұрықтанбағанын және жүктіліктің болмағанын дәлелдейді. Жүйелі етеккір циклі әйел адамның ағзасындағы жақсы жұмыстың атқарылуын көрсетіп тұрады. Ал етеккірдің кешігуі – қандай да бір ауытқудың немесе бұзылудың көрсеткіші.

Қалыпты жағдайда цикл жүйелі болуы керек: етеккірдің нақты басталу мен аяқталу уақыты болады. Көпшілік әйелдерде бұл цикл бір айдың ұзақтығына сай 28 күннен тұрады. Әйелдердің үштен бірінде ол қысқа мерзімді болады – 21 күн, ал 10%-ында 30-35 күннен тұрады. Етеккір жалпы 3 күннен 7 күнге дейін созылады, осы уақытта 50-ден 150 мл-ге дейін қан жоғалады. 40-55 жастан кейін етеккір мүлдем тоқтайды және ол уақытты менопауза деп атайды.

етеккир келмесе

Әйел ағзасының күрделі ауруларына жататындар:

-жүйесіз етеккір циклі;

-гормоналдық бұзылулар;

-5-10 күнге дейінгі етеккірдің жиі кешігулері;

-етеккір кезінде тапшы немесе өте көп қан ағудың кезектесуі.

Әйел адамға етеккір уақытын қадағалау үшін етеккір күнтізбесін арнау керек. Осындай жағдайда кешігуді бірден байқау мүмкіндігі бар.

Әйелдер мен қыз баланың етеккірінің кешігу мәселелері.

Етеккірдің кешігуі дегеніміз – кезекті етеккірдің өз уақытында келмеуі. Етеккірдің 5 күннен 7 күнге дейінгі кешігуі патологиялық өзгеріске жатпайды. Мұндай жағдай кез келген жаста туындай береді: жасөспірімдік шақ, бала табу жасы және менопауза жасында. Етеккірдің кешігу себебіне физиологиялық себептермен қатар аномалиялық себептер де ықпалын тигізуі мүмкін.

Етеккірдің кешігу себептері.

Көбіне жыныстық қатынасты қалыпты санайтын қыз балалардың етеккірінің кешігуіне олардың жүктілігі себеп. Аз мерзімді жүктілікте іштің төменгі жағы тартып ауыруы мүмкін, емшектің ұлғайып ауырсынуы байқалатын болады, ұйқышылдық, дәмге деген өзгерістер, таңертеңгі жүрек айнуы, тез шаршау. Білу міндетті: Жүктіліктің бастапқы шағындағы сипаттары – алғашқы 18 белгі

Стресс. Кез келген стрестік жағдай, мысалы, жұмыстағы мәселелерден туындайтын конфликтілерге байланысты жағдайлар етеккірдің 5-10 күн, тіпті одан да көп күнге кешігуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Стрестік жағдайларға байланысты шамадан тыс шаршау. Адамның дене сымбаты үшін әрине физикалық жүктемелер қажет, дегенмен шамадан артық жүктемелер етеккірдің жүйелі жұмыс жасауына кедергісін тигізуі мүмкін. Етеккірдің кешігуінің тағы бір себебі, ол – эстрогеннің синтезіне негативті әсер ететін, өте белсенді зиян келтіретін диета және диета кезіндегі шамадан тыс шаршау. Шамадан тыс шаршаудың сипаттары жиі бас ауырулар, салмақтың тез азаюы, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы болып саналады. Егер етеккірдің кешігу себебі физикалық шаршаудан екені анықталса, онда ағза тынығудың қажеттілігі жайлы сигнал беруде. Етеккірі кешігетін әйелдер типі көбіне тынымсыз жұмыс кестесімен жұмыс жасайтындар. Етеккір циклін қалыпты жағдайға келтіру үшін тамақтану рационы мен физикалық жүктемелерін тепе-тең жағдайға келтіру керек.

етеккір не ушін кешігіп

Дене салмағының тым аз не болмаса шамадан тыс артық болуы. Әйел адам эндокриндік жүйенің қалыпты жұмыс жасауы үшін өзінің ДСИ-н (дене салмағының индексін) қалыпта ұстау керек. Дене салмағының қалыпқа келуіне байланысты етеккір уақыты да қалыпқа келеді. Анорексиямен ауыратын әйелдерде етеккір мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

Етеккірдің кешігуіне суық тию мен қабынулардың да әсері болады. Кез-келген ауру етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл созылмалы аурулар немесе бұрыннан келе жатқан аурулар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда цикл жүйелілігі бір-екі айда қалыпқа келеді.

Жыныс мүшелерінің кез-келген қабыну түрлері және ісік аурулары. Жыныс мүшесіндегі қабынулар тек етеккір кешігуімен ғана емес, іштің төменгі бөлігіндегі аурулармен және әдеттен тыс бөлінулермен ерекшеленеді. Мұндай ауруларды міндетті түрде емдеу қажет, өйткені ол жағдайдың ушығуына, тіпті бедеуліктің пайда болуына апарады.

Аналықтың сары денесінің кистасы. Бұл аурудан құтылу және етеккірді қалыпқа келтіру үшін гинеколог бірнеше гормоналды препараттардың курсын тағайындайды.

Аборт. Мұндай жағдайда етеккір кешігуі өте жиі болады және де бұны қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Оған себеп гормоналды фонның бірден өзгеруімен қатар, тек дәрігер ғана анықтай алатын механикалық зақымдалулар болуы мүмкін. Білу міндетті: Жүктілікке тестілеу: қашан және қалай, неше күннен кейін өту қажет?

Етеккірдің кешігу мәселесін қалай қалыпқа келтіруге болады?

Егерде етеккірдің кешігуіне қандайда бір ауру себеп болса, оның қалыпқа келуіне тек емделу себеп бола алады. Профилактикалық алдын алу жолдары мыналар:

Етеккірдің кешігуіне физикалық шаршау немесе стрестік жағдайлар себеп болатын болса, керегінше ұйықтап, ағзаның тынығуы арқылы қалыпқа келтіруге болады. Маңыздысы позитивті көңілде жүру және кез келген стресс тудыратын жағдайға қалыпты қарай білу. Кейде психологтың көмегіне де жүгіну қажеттілігі болады.

Тамақтану құрамында дәрумендер мен микроэлементтер саны қажетінше жеткілікті және теңестірілген болуы қажет. Немесе поливитаминдер курсын қабылдауға да болады.

Етеккір күнтізбесін пайдаланатындар үшін кез келген өзгерістің алдын алу мүмкіндігі бар.

Алдын алу мақсатында гинекологқа барып тұру да кез келген әйел ағзасындағы өзгерістер мен ауытқушылықтардың алдын алуына мүмкіндік береді.

Әйел адам есейген шағында міндетті түрде өз ағзасын және етеккір циклының бұзылмауын қадағалауы керек. Кез-келген ағзадағы өзгеріс қандай да бір аурудың белгісін береді.

Етеккір кешігуі. Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?

Етеккір кешігуі 5-7 күннен аспауы керек. Тек жасөспірімдік шақта, жас дағдарысына байланысты өзгерістер мен емізу кезінде және менопауза алдындағы кезеңде ғана мұндай кешігулерден қорқудың қажеті жоқ. Басқа жағдайдың барлығында міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

етеккір ауырса

Егер етеккірдің кешігуіне гинекологиялық емес себептер болса, басқа мамандардың кеңестері беріледі.

Пайдалы мақалалар:

Жүктілік анықтайтын тест. Оны қалай пайдаланады?

Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Бас неге ауырады? 

Статистикаға сүйенсек, құрығанда айына 60% адам бас ауруын сезінеді . Оның себебі неде? Бұндай жағдайда өзіңді қалай ұстау керек ? Бас ауруы – себеп пе, əлде салдары ма?

Таң қалмаңыз, бірақ тек 10-20% жағдайда ғана адамның шыныменен басы ауырады. Өзге жағдайларда бастың ауруы организмдағы өзге мүшелердің патологиялық процесстері мен и жүйелері салдарынан туындайды.

Дәрігерлер бас ауруының кеңінен таралған себебі ретінде сапасыз тамақпен улану, вирустардың белсенді көбеюі (грипп кезінде бас қалай ауыратынын еске түсіріңіз), гастрит, запор жəне басқа да асқазан мен ішек тракті, сонымен қатар қуық жүйесімен байланысты болатын организм интоксикациясын атайды.

бас ауруы
Бас ауруының екінші кең таралған себебі омыртқа жүйесінің мойын бөлігі ауруы (остеохондроз) немесе мойын буындарының шаршауы (жұмыс немесе ұйқы кезінде қате орналасуы) болып табылады.

Үшінші себебі – гипертония, гормоналды ауытқулар, өкпе паталогиясы кезіндегі тамырлардың вегетативтік тонусының бұзылуы . Тамыр паталогиясы нəтижесінде бастан көктамыр қанының қайтуы бұзылып, бассүйек ішіндегі қысымды ұлғаюына əкеледі жəне бас ауруын туғызады..

Бас ауыруның себебін қалай анықтауға болады?

Бастың ауырған бөлігіне қарай, қытай меридиандары жүйесін қолдана отырып, оның пайда болу себебін анықтауға болады. Егер, ауыру маңдай жақ бөліміне қарай орнықса, онда паталогияны ішек-қарын жолдарынан іздеу керек.

Ал егер, желке жақ бөліміңіз ауырса, онда себебі артерияны ұстап, қалыпты қан айналымына кедергі келтіретін омыртқа бөлімдерінің бірінде. Ұқсас белгілерді жүрек-тамыр жүйесіндегі атеросклероттік өзгерулер де көрсетеді, олар күретамыр қысымының жоғарылауына себеп болады.

бас ауырса

Шеке мен құлақ жағыңыз ауырса, себебі несеп-жыныстық жолдарда болуы мүмкін.

Бастың жарты бөлігі ауырып, ауру біресе маңдай жаққа, біресе шекеге өтсе, онда себебі тамырлардың паталогиясында жатыр, оны дәрігерлер вегетососудтік дистония деп атайды.

Егер де, бастың тек бір жағы ғана ауырып, сыздайтын жəне қалыпты болса, онда оның себебін бастың қаңқа сүйегінен іздеу керек.

Сонда да, бұл тек қана нұсқаулар ғана. Бас ауруының нақты себебін терапевт немесе невролог айтып береді. Сіздің шағымыңызға орай, ол керекті талдамаларға нұсқау жазып беріп, соның нәтижесінде диагноз қояды . Əдетте бас ауруларына шағым айтып келген науқастарға жалпы қан анализы (қоюлығын анықтау үшін ), омыртқаның шеке бөлімінің доплегрофиясы (тамырлардың қалпын білу үшін), бас МРТ-сы (ісікке кауіп болғанда) немесе ішкі органдардың УЗИ-і (ауруға қауіп болғанда ) жазылады.

бас ауруының

Бас аурса не істеу керек?

Егер бас ауруы созылмалы түрде болмаса, тек қана кейде стресстік жағдайларда, қатты шу кезінде немесе басқа да уақытылы факторлардың салдарынан болса, онда дәрігерге қараламай-ақ, бұл жағдайдан шығуға болады. Ол үшін:

Дəрі ішіңіз . Өзіңізді қинамай, бірден ауру басатын дəрі ішіңіз (цитрамон, аспирин, спазмалгон). Бұл дәрілер түйілуді шешіп, қанды сұйылтып, қанның кетуіне көмектесіп, бассүйек ішіндегі қысымның түсуіне əкеледі. Дəрі жылдам əсер етуі үшін жатып, 30-40 минут тынығып алған абзал.

Бас қатты ауырса сұйықты көп ішіңіз. Қанның тым ұюы қан айналымын төмендетіп, қөктамыр тоқтап қалуына əсер етеді . Дəл осы себептен, денедегі су балансын ұмытпай, күніне 2 литр су ішіп отыру маңызды. Бұл міндетпен жеміс-жидек шайлары да (бүлдірген, қарақат) жақсы айналысады, олар өздерінде бар С виамины арқылы қан айналымы тамырларының қабырғаларын қатайтады.

басым ауырып

Массаж жасаңыз . Егер де бас ауруы кезінде сіз желке мен мойын ауландарында ыңғайсыздық сезінсеңіз, онда жағдайыңызды бас жəне жағалық массаж арқылы жеңілдетуге болады. Екі қолыңызды да мойынға салып, саусақтарыңызбен мойын мен иығыңызды уқалап, қолыңыз жеткенше омыртқа бойынан бір өтіп шығыңыз. Басқа көтеріліп, бас терісін саусақтарыңызбен уқалаңыз, тура сусабынмен басты жуғаныңыз секілді. Самайды саусақ ұшымен уқалап (шеңбер бойынша), сосын маңдайға көшіңіз , көзді жұмып, бірнеше рет ашып-жұмыңыз. Мойынға оралыңыз, жағалық ауданды жақсылап қыздырыңыз жəне тағы бір рет буындарды уқалап шығыңыз. Осындай кішігірім массаж шаршаған буындардан құрсыуды шешуге көмектесіп, бастан қан қайтуын жақсартады.

Шай немесе кофе ішіңіз. Көбісі бас ауруы мен кофеинді бірге елестете алмайды. Бұл шынымен де рас, егер əңгіме жоғары артериялық қысым жайлы болса. Егер де, сіздің қысымыңыз қалыпты болса, онда бір кесе қызыл шай немесе кофе (тəтті) сіздің бас ауруыңызды жазуға көмектеседі (кофеин тамырларды үлкейтеді де қан жүрмеу проблемасы шешіліп, ауру кетеді) .

Тіс ауырса не істеуге болады?

Егер тіс ауырғанда, ол көп мазасыздықты тудырады. Егер сенің тісін қатты ауырса – тіс ауруынан құтылу туралы біздің кеңесімізді оқы.

Өткір тіс ауруы деген не?

Ол сен күлімдегенде немесе тыжырайғанда, ішіп-жегенде, су ішкенде, жақты ашып-жапқанда және де басыңды бұрып алғаныңда ауырады. Кейде тіпті тыныс алғанда да ауырады, себебі суық ауа аузыңа кіріп, сезімтал тіс арқылы өтеді. Өткір тіс ауруы түнде немесе демалыс күні болғанда ауырса және 24 сағаттық стоматология клиникасына жүгіруге ешқандай мүмкіндік жоқ болса, төтенше жағдайларғда қолданатын уақытша жеңілдететін нәрселерге жүгіну ғана қалады. Өткір тіс ауруларын жеңілдету жолдары: Тіс кеңістіктерінен және тістің қуысынан тамақ қалдықтарынан мұқият тазартып, болашақта таза ұстау керек.

Тіс ауырғанда тис ауырганда

Сода ерітіндісімен (бір стақан судан 1 шай қасық) тісіңді шайып шығу керек. Ауру тістің үстіне үлкен арақ сусынын ұстау қажет. Қызел иек белгілі бір мөлшерде алкогольді сіңіріп, тіс ұйып қалады. Мұздың жартысын сору қажет. Сондай-ақ, мұзды ауру тістің немесе көрші тістің үстіне күніне кем дегенде 3-4 рет 15 минут бойы қолдануға болады.

тісім ауырып жатыр

Тіс ауырса не істеу керек?

Қолыңды уқала. Бұл тістің ауырсынуың 50%-ға төмендетуі мүмкін. Саусақ сүйектерінің үлкен және көрсеткіш сүйектері кездесетін орынын, V-пішіндегі аймақта мұзмен сүрту керек. Абайла, мұзды осы аймаққа 5-7 минут қысыммен басу қажет. Бұл процедураның әсері, бұлшықет ауруы әдетте нерв жолдары бойына жіберілетін импульстарды жіберген кезде негізделеді. Осы жолдар бір уақытта тек бір сигналды жүргізе алатындықтан, үйкеліс ауруды ығыстырады.

Тіс ауырып, тис ауырып

 

Тіс ауыратын жақта шайнамау. Аузына кірген ауа ауырсынуды ұлғайтса, онда ауызды жабық күйде ұстау керек. Кейде тіс ауруы адамның дұрыс емес тістеу жағдайында  нашарлауы мүмкін. Бұл жағдайда мүмкіндігінше аузыңды тіс дәрігері көргенше жабу керек. Ауырсынуды басатын дәрілер қабылда (анальгина, баральгин, седалгин …). Сақ болатын бір нәрсе ол аспирин. Аспиринді көп мөлшерде қабылдамау керек, өйткені оның көмегі аз және денсаулыққа зиянды. Ауырсынуды басатын дәрілерді дәрігерге барғанға дейін 3 сағаттан кешіктірмей тоқтату керек, себебі ол аурудың өнің бұзады және диагноз қоюға қиындатады. Жылытқыш компресстер мен басуды жасамау маңызды, бұл процедура жағдайды едәуір нашарлатып, әрі қарай емдеуді қиындатады.

Тісіңіз ауырса тисиниз ауырса

Әрине, антибиотиктерді білікті кеңессіз және дәрігердің тағайындауысыз қабылдауға болмайды. Жалпы, кез-келген аурудың антибиотиктерін қабылдау – өте маңызды процедура. Бұл дәрі-дәрмектер емделушілер жиі ойлағандай, күніне 3 рет 1 таблеткадан қолдану емес, ол басқа арнайы схемада қабылданады. Бір таблетканы «керек бола қалған жағдайда» ғана қолдануын зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Бұл бәрі тіс дәрігеріне барар алдында жасалуы мүмкін. Және кезекші емханадан қорықпа, өйткені көп жағдайларда тісті алмай-ақ және тұрақты пломба қоймайақ алып тастауға болады.