Жүктілік анықтайтын тест. Оны қалай пайдаланады?

Жүктілік тест: қалай, қашан және неше күннен кейін жүргізу керек? Жүктілік тест—қазіргі таңдағы жүктілікті анықтайтын ең оңай әдіс. Оның көмегімен жүктілікке дейінгі кезеңді білуге болады, өйткені қазір сезімталдыққа түрлі тесттер беріледі. Анық әрі нақты нәтиже алу үшін үй жағдайындағы жүктілікті анықтау экспрес-диагностикасының ұсақ-түйектерін біліп алу керек.

Мазмұны:
1. Дұрыс қорытындының ықтималдылығы
2. Жүктілікті анықтайтын тесттердің түрлері
3. Жүктілік тестісін қалай жүргізу керек?
4. Неге тесттегі екінші жолақ әлсіз көрінеді?
5. Жүктілік тестісін кешке жүргізуге бола ма?
6. Жүктілік тестін қолдану кезіндегі кеңестер мен ұсыныстар.

Дұрыс қорытындының ықтималдылығы

Алынған ақпараттың нақтылығы жүктілік тестісін қолданғанда 97,5%-ға тең келеді. Және де нәтижесінің нақты шығуы тест нұсқаулығын сақтықпен қолданғанда және бірнеше ережені ұстанғанда нәтижелі болады.

Жүктілікті анықтайтын тестті қай кезде жүргізуге болады?

Жүктілік тестісін өндірушілердің ұсынысы бойынша, әдетте еттеккір кешігуінің 1-ші күнінен кейін жүргізілуі керек. Оны былай түсіндіруге болады, одан ертерек қажетті гормон дәрет құрамында байқалмайды.

Жүктілікті анықтайтын тесттердің түрлері

Дәріханаларда бағасына қарай, сезімталдық белгісіне қарай ерекшеленетін жүктілікті анықтайтын тесттердің үлкен ассортиментін табуға болады. Әрбір өндіруші нақты қорытындыны уәде етеді, сондықтан олардың айырмашылығына мән беруіміз қажет:

Стрип-тест немесе барлығымыз білетін, әрі гормонға әсер ететін арнайы антиденелер қабаты бар қағаз жолақшасы. Олар дәрет құрамындағы гормондармен әрекеттесіп, жолақшадағы екінші жолақтың пайда болуын туғызады. Бұндай тесттер көбіне танымал әрі арзандығымен ерекшелінеді. Бірақ, оларда кейбір басқа түрлері секілді ыңғайсыз және де жүктілікті етеккірдің кешігуінен кейін ғана көрсете алады. Жүктілік диагностикасын стрип-тест көмегімен жүргізу кезінде таза ыдысты алып, оған дәреттің біршама көлемін жинау керек. Сол ыдыстағы дәретке тесттің деңгейі көрсетілген жағы салынып, 10 секунд ұсталады. Қорытындысы 3-10 минут аралығында байқалады. Неғұрлым екінші жолақша тезірек көрінсе, дәрет құрамындағы арнайы гормонның концентрациясының жоғары екендігін білдіреді.

жүктілік тест қалай пайдалау

Ағынды тест пайдалануға ыңғайлы, ол үшін ыдысқа дәретті жинаудың қажеттілігі жоқ. Оны дәретке тигізсе ғана жеткілікті, сонысымен үй жағдайында пайдалануға ыңғайлы. Фильтрдің бір ұшы 10 секунд бойына дәретке тиіп тұрады, ал қорытындысы 1-10 минутқа дейінгі уақытта анықталады. Бұндай тесттар қымбат болғанымен, өз ерекшеліктері бар: нақтылығы және пайдалану ыңғайлылығы.

Планшетті тест екі терезесі бар қораптан тұрады. Пайдалануына қарай стрип тестке ұқсайды, бірақ қымбаттырақ және сенімді. Оның комплектісінде пипеткасымен және дәретті жинайтын ыдысы болады. Терезесінің біреуіне пипеткамен дәретті кішкене тамызады, екіншісінде қорытындысы көрінеді. 10 минут ішінде бағалауға болады.

Сонымен қатар оқи отырыңыз: Етеккірдің кешігуі – неге сізде етеккір жоқ?

Жүктілік тестісін қалай жүргізу керек?

Жүктілік тестісін пайдаланудың алдында оның әртүрлігіне байланысты нұсқаулығымен танысу керек. Қорытындысы нақты болып шығу үшін бірнеше ережені сақтау керек:

1. Әдетте тесттерде жүргізу уақыты көрсетілмейді, алайда гинекологтар таңертең ұйқыдан кейін жасауды ұсынады: өйткені түнгі дәрет құрамында арнайы гормон концентрациясы көп болады және жүктіліктің бастапқы кезін осы уақытта байқауға болады.

2. Ақпараттың нақтылығына дәрет айдаушы құралдармен көп қолданылған сұйық көлемінің әсері болуы мүмкін.

3. Егер етеккірдің кешігуінен кейін тест жүктілікті көрсетпей тұрса, ал етеккір келмей жатса, бұл әрекетті бірнеше күннен кейін қайталау керек. Әсіресе бұл жүйесіз циклді әйелдерге қатысты.

4. Неғұрлым тест арзан болса, құрамындағы реагент құндылығының төмендігін айтады, соған байланысты қателесу қаупі үлкен.

5. Көбіне пайдаланатын дәретке салынатын тест жолақшалар. Бұл жерде, тестті көрсетілген деңгейге дейін және ұсынылған уақытта ұстау маңызды, нәтижесін уақыт бойынша қарау керек. Бұл қате қорытындының алдын алады.

6. Тест нәтижесі нұсқаулығында көрсетілген. Жолақшаның біреуі бақылау міндетін орындағандықтан міндетті түрде боялады, ал екіншісі тек жүктілік кезінде ғана боялады.

Неге тесттегі екінші жолақ әлсіз көрінеді?

Егер екінщі жолақ бар болып, бірақ әлсіз көрінсе, ол дәрет құрамындағы КДЧ төмендігін айтады. Оған себеп болуы мүмкін:

-Жүктіліктің үзілу қаупі;

-Жүктіліктің кішкентай мерзімі;

-Жатырдан тыс немесе дамымай қалған жүктілік.

Бұндай жағдайда тест оң нәтиже береді, дегенмен бірнеше күннен кейін бақылау тестісін қайта жүргізген абзал.

Өйткені кейде әлсіз көрінген екінші жолақ өтірік қорытындыны көрсетуі мүмкін.

Жүктілік тестісін кешке жүргізуге бола ма?

Жалпы тестті тәуліктің кез келген уақытында жүргізуге болады, бірақ қорытындының нақтылығы осыған байланысты: жоғарыда айтылғандай, жүкті әйелдің ағзасындағы арнайы гормон концентрациясының көп бөлігі таңертеңгі дәретінде көп көрінеді. Сондықтан диагностиканы кешкісін жүргізгенде қате қорытындыға ұрыну қаупі үлкен.

Жүктілік тестін қолдану кезіндегі кеңестер мен ұсыныстар.

Гинекологқа мынадай жағдайларда міндетті түрде қаралу қажет:

1. Бірнеше күн аралығында жасалынған жүктілікті анықтауға екі рет жүргізілген тесттің оң нәтижесінде;

2. Екі тест екі түрлі қорытынды берсе;

3. Бірнеше тестта әлсіз көрінген екінші жолақ болса;

4. Тест жүктілікті көрсетпейді,бірақ етеккір циклы да кешігеді.

Жүктілікті анықтауға немесе жоққа шығаруға дәрігер қосымша зерттеулер береді. Ол үшін қан талдауы, УЗИ және арнайы гормон деңгейі пайдаланылады.

 

Пайдалы мақалалар:

Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Етеккір не үшін кешігеді?

26 thoughts on “Жүктілік анықтайтын тест. Оны қалай пайдаланады?”

    • Саламатсыз ба. Негізінде болады, бірақ етеккіріңіз келсе – ол әдетте жүктілікті жоққа шығарады

      Жауап беру
      • Салеметаіз бе ?! Жүктілікті жыныстық қатынас 2-3 күннен кейін тест арқылы анықтаға болама?

        Жауап беру
      • Сәлеметсіз бе кешкісін тест жасап көргенмін бір қымбат түрін 2арзан түрін 3еуіде 2сызық көрсетп тұр бұл қате болуы мүмкінбе?себебі таңертеңгісін емес кешкісін жасап көргенмін

        Жауап беру
  1. Саламатсызба админ. Менің сұрағым бар еді. Етеккір келер жакындаган уакытта тест жолақшасын салып кордим. Екінші жолақша әлсін анық емес болып коринди. Ол жүктілікке жатама жок па? Жауап беріңіздерші блсеніздер

    Жауап беру
    • Саламатсыз ба, Жүктілікке жату үлкен мүмкіндік бар. Күтіңіз, немесе ХГЧ анализды тапсырыңыз. 2000-4000 тенге турады. Бір күнyің ішінде (4-5 сағат) ХГЧ гормонның санын көрсетеді.

      Жауап беру
    • Жоқ. Менде де солай болған.
      Узиге түстім. Ешқандай беременность жоқ деді. Етеккір деп айтты.

      Жауап беру
  2. Сәлеметсіз бе ?Сізге сұрағым бар еді ,менің етекір келмей тұр 7-8 желтоқсан келу керек етін тест көрсем біріншісін сәл бар екіншісін көрсем жоқ

    Жауап беру
  3. Тест қателесуі мүмкін бе? КӨТЕРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ВИТАМИНДЕР ИЛИ ДӘРІ ІШУ КЕРЕК. 2АЙ БОЛДЫ ӘЛІ КӨТЕРМЕДІМ. ЖАУАП ЖАЗАСЫЗДАР МА . РАХМЕТ

    Жауап беру
  4. Сәлеметсізбе.Етек кір жоқ.Узиге түссем жоқ 1,5ай болды етек кірдің келмегеніне.Тест көрсетпейді ал енді бұны қалай түсінеміз.

    Жауап беру
  5. Салеметсиз админ жауап беруинизди сураимын менин етекир келмегенине 3 ай болды тестпен тексергенде 1 сызык шыгып тур неге?

    Жауап беру
  6. 09.10.2020 еттеккірім келетін уакыт еди бірақ бүгін 14.10.2020 әлі еттеккірім келмеді.жүкті болуым мүмкін бе?

    Жауап беру
  7. Салеметсиз ба!менде мынадай сурак.Тестпен тексерип корсем екинши полоска мутный шыга тур,значит жуктимин бе?отинем жауап бересиз ба?

    Жауап беру
  8. Етеккір кез келген қызда кешігеді 1,5-6 ай ға дейін мүлде келмейд. Ол қорқатын нарсе емес

    Жауап беру
  9. Сәлеметсізбе менде декабрьдын 2 не озигинен тусик тастап койган едим.
    Бізге даригер 10 косылмай туруымызды сурады.бырак биз 13 кунен кейін косылдык Сосын сол куни косылмай бурын узиге тустик жатырымын емделип тез калпына келди деп айткатты.сосын етекирим бугин ертең келип калатынын айтты сосын барып косылдык .яғни декабрьдын 15 не косылдык .бырак 15 күн отти етекирим али келген жоқ.15 не косылган кунен бастап есептем 1 аптадансон тест колданып көрген едим 2 сызык шыкты .бырак екинши сызығы алсиз ерен коринеди бирден емес быраз уакыттансон шыкты. Сосын 6 күнен кейн тағы кайталап көрген едим алдыңғы сызыктанда алсиз сызык шыкты. Кейде белим ауырып Ишим тартылып сәл ауруды .типти конагым келип калады деген коркыныш сезим болады себебі белгилери конак келин белгілерге уксам.бырак менин табетимде ашылып келе жатыр.мен көтерген болсам екен. Озим бырак иштей көтерген сыайктымынбырак мен тусик тастаған кейн 3 күннен кейін тест көрген едим 2 сызык анык шығып турган бырак тусиктен кейн көрсете береди деп айтты .бырак мен тест күн сайын колданып кордим күн өткен сайын жолактын туси ашык бола берди .бырак мен тағы бир аптадансон тагы узиге тустик бырак узиге тусетин куни
    тестт көрген кезде 2 ши сызык әрең шыккан типти шыкпаган деседе болады. Мүмкіндік болса айта аласызба менин 2 ши рет ана ануым распа .бырак мен көтерген сыйактымын .сиз калай ойлайсыз мен көтергенге уксаймынба?

    Жауап беру
  10. Тест 2жолақ көрсетіп тұр 2шісі әлсіз бірақ капля қан көрініп тұр жүктілік барма жоқпа

    Жауап беру

Leave a Comment