Желке тартып бас ауырса қандай аурудың белгісі?

Желке тартып бас ауырса. Кейде желкенің жағымсыз, азапты ауыруы ауыр дерттің хабаршысы болуы мүмкін. Әсіресе ауырсыну созылмалы түрде жиі қайталанып тұрса. Егер ол ауық-ауық, қосалқы белгілерсіз өтсе, бұл – шаршағындық пен қажудың әсері.

Желкенің ауыру түрлері мен себептері

Остеохондрозбен ауыратын адамның желкесі солқылдап, батып, қысылып ауырады. Әдетте ол бұлшықеттердің қажуынан, бас қалпының қате орналасуынан болады. Қосалқы белгілері: есту қабілетінің нашарлауы, көздің бұлдырлауы.

Мойын остеохондрозы кезінде кей жағдайда бас сақинасы ұстайды. Желке тұсы кенет шыдатпай ауыра бастап, самай мен қабақ үстіне дейін жайылады. Онымен бірге құлақ шуылдап, көз қарауытады.

Желке тартып бас ауырса

Омыртқаның қабынуы кезінде мойын, иық, бұғана, желке тұстары ауырады да, қолды қозғалту қиындайды.

Мойын спондилезі – мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Көбінесе бұл жас ерекшеліктерімен байланысты. Мойынның қозғалғыштығы бәсеңдеп, желке не созылмалы, не үнемі ауыра бастайды. Кейде бұл ауру көз бен құлаққа дейін таралуы мүмкін.

Белгілері

1. Мойын миозиті – мойын бұлшықетінің қабынуы. Басты белгілері – мойын мен желке, сонымен қатар жауырын арасының сыздап, созылмалы түрде ауыруы. Әдетте адамның бір жағы екіншісіне қарағанда қаттырақ ауырады. Миозит суық тигізкендіктен, қажудан пайда болады.

2. Миогелоз кезінде желке, мойын, иық тұсы орташа ауырады, бас айналады. Бұл ауру мойын бұлшықеттеріндегі қай айналымының бұзылуынан пайда болады.

3. Егер желкедегі ауру «атқыш», шадымсыз, ұстамалы болса, бұл шүйделік жүйкенің невралгиясынан (қабынудан) болуы әбден ықтимал. Ол ауық-ауық басылып, желкенің сырқырап, батып ауыруына алмасады да, арқа мен жақтың ауыруына өтеді. Себебі – суық тигізу, омыртқа аурулары.

Желке тартып бас ауырса

4. Күретамырлық қысым көтерілсе, желке қатты ауыра бастайды. Қысым 300-ге жеткенде, желкеден басталған ауру бастың басқа да бөлімдеріне өтеді. Әсіресе, адамдар ұйқыдан киін бастарының ауыратынына шағымданады.

5. Тістің прикусын дер кезінде емдемесеңіз, болашақта өзіңізді жайсыз сезіне бастайсыз. Желке сырқырап ауырып, шықшыт пен төбе ауыра бастайды. Аурыдың бұл түрі әдетте созылмалы өтіп, кешке қарай күшейе түседі.

6. Жұмыста көп қозғалмайтын, бір орында отыратын адамдар да бас пен желкенің ауруына шамданады. Әдетте, бір-екі жаттығудан кейін, демалыстан өзі-ақ жазылып кетеді.

7. Аяқ асты стресс те желкенің ауыруына себеп болады. Әсіресе бұндай белгілер 30 жастан асқан әйелдерде басталады.

Желке тартып бас ауырғаның қалай емдейді?

Желке тартып басыңыз ауырса сізге терапевт, невролог, травматолог, кардиолог және ортодонт дұрыс диагноз қоюға көмектеседі. Қойылған диагнозға байланысты ем қабылданады. Массаж, қолмен емдеу, физиотерапия (электрофорез, магнитотерапия, ультродыбыстық терапия), дене шынықтыру арқылы ауруды емдеуге болады. Дерттің асқынған түрінде дәрігер арнайы антибиотектер тағайындайды.

Желкенің ауыруын басуға мына заттар көмектеседі:

• Бөлмені желдету мен ылғалдандыру. Айқай-шудан тынығу, күннің астында отырмау, біраз уақыт қатты жарық жерлерден алшақ жүру;

• Желкенің массажы;

• Мойынға арналған орамжапырақ комперресі;

• Шөпті шайлар (жөке, жалбыз, сәлбен);

• Ортопедияалық жастықтар.

Leave a Comment