Етеккір неге аз келеді? Гипоменорея туралы.

Қалыпты жағдайда балиғат жасындағы әйелдедің менструалдық циклі қалдыптасқан болуы керек. Циклдан ауытқу – қандай да бір паталогиялардың бары туралы хабар береді. Бұл тек қана етеккірдің ұзақтығына ғана емес, бөлінетін сұйықтықтың мөлшері мен түсіне де байланысты. Әлсіз етеккірі кезінде де дәрігерге қаралып, ем алу керек. Қан мөлшерінің аз болуы – гипоменорея белгісі. Гинекологқа қаралатын қыздар мен әйелдер көбіне гипоменореямен ауырады. Кейбір жағдайларда бұл ағзадағы ауыр патологиялармен байланысты болады және шұғыл емді қажет етеді.

Қанның аз бөлуінің себебі

Етеккірі уақытында қанның аз бөліну себебін толық тексеріс қана анықтайды. Кейбір жағдайларда сұйықтықтың әлсіз бөлінуі қалыпты жағдай болып табылуы да мүмкін. Олардың қатарына мыналар жатады:

Жасөспірімдік кезең.

Менструалды циклдың қалыптасуы кезінде сұйықтық көп мөлшерде бөлінбеуі мүмкін. Бұл – қыздардың гормондық жағдайының тұрақсызыдығымен байланысты. Аналық жыныс бездерінің белсенді жұмыс істей бастауының бірінші жылында цикл тұрақтанып, етеккірі кезінде бөлінетін сұйықтық мөлшері қалыптасады.

Лактация.

Босанудан кейін менструалды цикл бірден қалыпқа келмейді. Баланы емізу кезінде бөлінетін пролактин гормонының әсеріне байланысты аналық жыныс жасушасының жетілу процесі уақытша тежеледі. Сәбиді емізуді тоқтатса, не тамақтандырудың басқа түріне көшсе, әйелдің аналық жасушалары қайта жетіле бастайды. Әдетте, жүктілік пен босанудан кейінгі алғашқы етеккірі жұтаң және қысқа мерзімді болады.

Климакс кезеңі.

Менопаузаның келуімен бірге әйелдің аналық жыныс жасушаларының толыққанды жұмыс жасауы тежеледі. Гипофиз бен гипоталамус аналық бездерге әсер етіп, эстрогендердің бөлінуі біртіндеп бәсеңдейді. Енді әр цикл сайын аналық бездер жетілмейді. Жатыр қуысында төселген эндотелий әдеттегіден гөрі кішірейеді. Міне, сондықтан, етеккірі кездінде қан аз бөлінеді.

Бірлі-жарым жағдайлар.

Бала тууға қабілетті, дені сау әйелдердің кейбіреуінде қан аз бөлінеді. Әдетте бұл акклимитизация кезінде орын алады. Егер, келесі менструация кезінде етеккір өздігінен қалыпқа келсе, алаңдауға себеп жоқ.

етеккир неге аз келеди

Гипоменорея алғашқы және қайталама болады. Егер, қан мөлшері басынан бастап аз болса, бұл – жетілмеген жыныс мүшелерінің белгісі. Бұндай жағдайда дәрігерге қаралып, ем қабылдау керек. Қайталама жағдайда етеккірінің мөлшері аяқ асты азаяды. Себебі әртүрлі болуы мүмкін: денеге түсетін ауырлықтың қарқынды болуы, арықтау, дұрыс тамақтанбау, стресс, улану, инфекция жұқтыру, эндокриндік ауру, жарақат алу, операция, темірдің аздығы, зат алмасу процесінің бұзылуы.

Гипоменорея белгілері

Гипоменорея кезінде әйелдер сұйықтықтың азаюын байқады, ал етеккірдің ұзықтығы өзгермеуі де мүмкін. Егер, менструация үш күннен аспаса, бұны олигоменорея деп атайды. Қалай болғанда да гипоменореяның өзіне тән ерекшеліктері бар, бөлінген сұйықтықтың түсі де маңызды. Гипоменорея кезінде қанның түсі қоңыр болады. Өте сирек жағдайда тек бірнеше тамшы қан бөлінуі мүмкін.

Гипоменореяның белгілері: бас ауруы, жүрек айнуы, іш қатуы.

Қанның аз бөлінуіне жалынатын әйелдердің менструация кезінде жатыр бұлшықеттері қатты қысқара бастайды. Сондықтан олар етеккірі уақытында ауырып, өздерін жайсыз сезінеді. Экстроген деңгейінің төмендеуіне байланысты жыныстық құмартуы әлсірейді.

Паталогияны дәрімен емдеу

Егер, етеккірі уақытында ешбір себепсіз сұйықтық мөлшері азайса, гинекологқа бару керек. Тексерістен кейін дәрігер зертханалық талдамаға жібереді. Нәтижесін көргеннен кейін дәрігер тиісті ем жазып береді. Жатыр мен жасушалар УДЗ қажет болады. Егер талдамалар ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуын анықтаса, гормоналды ем тағайындалады. Уақыт өте қан мөлшері қалыпқа келеді. Әдетте гинекологтар экстрогендер мен прогестиндерді жазып береді. Дәріні тағайындау қандағы жыныс горомондарының шоғырлануына байланысты. Қабылдау ұзақтығы – 3-6 ай.

Leave a Comment