Іш қату – аса қатты ешкіммен бөлісіп, айта алмайтын ыңғайсыз ауру. Оның пайда болу себебін іздей жүріп емдеу керек. Ол үшін не істейміз? Бәрі оңай: қазір дәретханада іш қатуда көмектесетін емдік дәрілердің түр- түрі бар, олар іш өткізгіш қасиетке ие.
Балаларға арналған глицелакс тығындәрісі
10 тік ішектік суппозаторийден тұратын бір қораптың бағасы шамамен 5000 теңге.
Басымдылығы
Глицелакс балаларға және ересектерге деп екі бөлек шығарылады. Біз біріншісі туралы айтатын боламыз. Сәбиі туғаннан бастап қолдан немесе аралас тамақтанса, әлде емшектен енді ғана шығып келе жатса, бұл аналар балардың іш қатуы деген ұғыммен жақсы таныс. Қатты әсер ететін іш өткізгіш дәрілерді нәрестенің ішуіне болмағандықтан, Глицелакс тығын дәрілері көмектеседі. Олар ең кішкентай баланың да іш қатуын емдейді.
Бұл препарат өте жұмсақ әсер етіп, сәбилердің іш кебуінен пайда болған шаншу мен өзге де ауру белгілерін басады. Тығындәрі нәжісті жібітіп, оның жеңіл шығуын қаматамасыз етеді. Көбіне мектеп жасына дейінгі балалар үлкен дәретке отыру кезінде іш ауруына шыдамайды да, іш қатудан қиналып жүреді. Глицелакс бар болғаны 10-15 минуттың ішінде нәжістің ішті ауыртпай шығуына көмектеседі. Балалардың іш киімі еш былғанбайды.
Кемшіліктері.
Глицелаксты іш қату кезінде үнемі қолдануға болмайды. Жалпы бұл іш өткізетін басқа да дәрілерге қатысты. Олар тек жедел көмек көрсетеді, үнемі ішуге болмайды. Сондықтан, препараттың кемшілігі жоқ деп санайық.
Нәтижесі.
Іш қатудан қиналып жүрген балалар мен ата-аналардың нағыз көмекшісі. Енді сабынды тығын, пипетка және басқа да түрлі ем-шараларының жақсы баламасын білесіз. 10 балдан 10 балға лайықты.
Пікірлер.
«Глицелакс біздің нағыз көмекшімізге айналды. Баламызға іш қату кезінде жақсы көмектесті. Оның үстіне тез, әрі тиімді әсер етеді. Ешқандай тітіркену мен әдеттену болған жоқ».
Күрделі жағдайларда Гутталакстан артық іш өткізгіш дәрі жоқ.
30 мл флаконның құны – 2000 теңге.
Басымдылықтары
Ағзаға клизма да көмектеспейтін кездер болады. Бұндай жағдайда әбден зорыққан организмнің жұмысы мен рефлексиялық қасиетін қайта қалыпқа келтіру керек. Гутталакс ағзаның моторлы функциясын іске қосады, соның арқасында нәжіс сыртқа қарай жылжиды.
Кемшіліктері.
Бұл өте күшті дәрі болғандықтан, бір рет қабылдағаннанның өзінде (немесе передозировка кезінде) жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін: іш кебу, метеоризм және іш ауруы мен шаншуы. Сонымен қатар Гутталакс асқазандағы су мен электролиттердің сіңірілуін тоқтатады да, олар қан айналымына аз мөлшерде түседі. Нәтижесінде құрғау, әлсіздік, бас айналу және тахикардия пайда болады.
Нәтижесі.
Гутталакс ең асқынған іш қатуды да емдейді, тек оны ауық-ауық қана қолдануға болады. Үнемі қолдануға жарамсыз, нәжістің уақытылы шығуын да реттей алмайды. Сондықтан 10 балдың ішінен 9 деген ұпай қоямыз.
Пікірлер.
«Кейде бір рет дәретке отырмағанның кесірінен бір аптаға ас қорыту жүйесі жұмысын реттен шығарып алуға болады. Гутталакс маған бәрінен артық көмектеседі. Десе де, бірінші рет қабылдағанда минималды мөлшерінің өзі тым көп болды: келесіде екі тамшыға аз қолдандым».
Послабин Лактулоза ең мықты іш өткізгіш дәрі
30 таблеткадан тұратын қораптың бағасы 500 теңге.
Басымдылықтары.
Табиғи өнім. Лактулоза сіңірілмейтін көмірсу болғандықтан, асқорыту жүйесінің үстімен өтеді де тоқ ішекке жеткенде лакто және бифидобактериялардың қоректік ортасына айналады. Соның арқасында ұзаққа созыға диарея табиғи жолмен шешіледі.
Кемшіліктері.
Жылдам әсер етпейді. 1-2 апта қабылдағаннан кейін ғана үлкен дәретке отыру жиілігі қалыптаса бастайды.
Нәтижесі.
Послабин лактозаның басты артықшылығы – оны бала емізетін аналар мен алты аптаға толмаған сәбилер іше алады. Дәрігерлердің оң көзқарасына ие, кемшіліктері аз. Сондықтан 10 ұпайға лайық.
Пікірлер.
«Жолға шыққанымызда екі баламның іші қатып, дәретке отыра алмай қатты қиналды. Сол кезде бізді Послабин Лактоза құтқарды. Ең бастысы, оны ішуді доғарғаннан кейін қиындығымыз қайта мазалаған жоқ».
Зығыр дәндері іш қатуды кетіретін жақсы ем-дәм
100 грам дәннен тұратын бір буманың бағасы 400 теңге.
Артықшылықтары.
Бүркеуіш, қабынуға қарсы әсері бар жүз пайыз табиғи өнім. Майдан бөлінетін шырыш іш қатуды жеңілдетіп қана қоймай, асқазан мен ішек қабырғаларының қабынуын басады. Зығыр дәндерін толыққанды курспен ішсеңіз тоқ ішек жұмысы жақсарып, ағзадан токсиндердің шығуына көмектеседі. Ол сырт келбетіңіз бен көңіл-күйіңізге оң әсер етеді.
Кемшіліктері.
Дәндерді жібіту немесе балғын шырыш дайындауға кей жағдайда мүмкіндік болмайды. Әсіресе, жұмыс сапарында немесе саяхатта жүргендер зығыр дәндерін қай жерден іздеп жүреді? Сонымен қатар зығыр майы үнемі көмектесе бермейді, мысалға қатты іш қатуының кезінде немесе нәжістің мүлдем құрғауы жағдайында.
Нәтижесі.
Жұмсақ, тиімді, ешқандай үйрену қаупі жоқ. Бірақ,қолдану кезінде кей жағдайда ыңғайсыздық тудыратыны үшін10 баллдан 9 қойдық.
Пікірлер.
«Өте арзан, есесіне жұмсақ әсер етеді. Балам ішек бактерияларынан ауырған, содан кейін іш қатулар басталды. Таңертең жарты стакан зығыр қайнатпасын дайындап қоямын, бір сағаттан кейін балам үлкен дәретке отырады. Бір ғана қиындығы – ұлым ұсқынсыз шырышты ішкісі келмейді. Отбасымен жабылып көндіретінбіз».
Айран – іш қатудан құтқаратын ең тиімді дәстүрлі ем
Оны тегін алуға да, дүкеннен сатып алуға да болады.
Артықшылықтары.
Ерте кезден бастап айран іш қату кезінде көмектесетінін бәрі біледі. Ұйықтар алдында бір стакан айранға бір үлкен қасық өсімдік майын қосу керек. Егер, іш қатулар жиі қайталанатын болса, оған інжір, кептірілген өрік, мұздатылған жеміс-жидек, балғын қияр, сәбіз немесе алдын ала ұсақталған көк шөп қосуға болады. Бүл «дәрінің» бірнеше емдік қасиеті бар. Айран ішек микрофлорасының тепе-теңдігін реттейді де, іш қату проблемасын шешу үшін пайдалы микроорганизмдерді ұялатады. Өсімдік майы нәжісті жібітіп, босатады. Ал оған көкөніс немесе жемістердің қосылуы нәжістің шығуын тездетеді. Себебі, олар ағзаға түскенде үлкейеді ді, қатқан заттарды сыртқа қарай сыпырады.
Кемшіліктері.
Егер, сіз фастфудқа үйреніп, пайдалы тамақты жеп үйренбеген болсаңыз, онда айран сізге сөзсіз ұнамайды. Әрине, бұндай жағдайда оны ішкіңіз келмейді. Бірақ, бұл айраннан гөрі сіздің кемшілігіңіз сияқты.
Нәтижесі.
Бұл сусын үлкендер мен кішкентайларға бірдей пайдалы. Оны өз талғамыңызға сай өзгертуіңізге де болады: біреу шөп қосса, екіншілері жеміспен безендіреді. Бастысы, ол тек қана іш қату проблемасын шешіп қана қоймай, ас қорыту жұмысын реттейді. Сондықтан 10 баллдан толық 10 балға лайық.
Пікірлер.
«Жүктілік кезінде іш қатудан зәйтүн майы қосылған айранмен ғана емделетінмін. Себебі, балама кері әсер етуі мүмкін деп басқа дәрілерді ішуден бас тарттым. Бірақ, айран да өз жұмысын өте жақсы атқарды».
Ал сіз қандай дәрілерді ішуге кеңес бересіз? Астында өз пікіріңізді қалдырып, ойыңызды жазуыңызға болады
Пайдалы жазбалар: