Шаш түсуін қалай тоқтатуға болады? Алопеция деген не?

Алопеция – (дәлме-дәл ежелгі латын alopecia «жидіген») бұл патологиялық шаш түсуіне әкелетін әртүрлі ауруларды сипаттау үшін қолданылатын медициналық термин. Таз болу толықтай немесе бастың әр жерінен кездесетін, ошақтық немесе диффузды болуы мүмкін, бірақ нәтиже бірдей: әдемі шаш өзінің көлемін және тартымды көрінісін жоғалтады. Аурудың белгілері оның сатысына және алопецияның түріне байланысты.

Қазіргі уақытта аурудың бір ғана дұрыс деп табылатын және жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Әдетте трихологтар проблеманы оның себептеріне байланысты кіші топтарға бөледі. Оларға ерте алопеция,себореялық алопеция,симптоматикалық алопеция,тыртықтық алопеция жатады. Бұл мақалада біз осы аурудың әрбір кіші түріне, шаштың түсуіне әкелетін себептер мен емдеу әдістеріне тоқталамыз.

Ерте алопеция.

Аурудың бұл түрі андрогендік немесе генетикалық деген атаулармен кездеседі. Көбінесе ер адамдар ерте алопецияның белгілерімен зардап шегеді. Проблемалар кез-келген жаста табылуы мүмкін: бастапқы белгілер жыныстық жетілу кезінде пайда бола бастайды. Аурудың қалыптасуы жиырма бес жасқа дейін аяқталады. Егер осы уақытқа дейін ештеңе алаңдаушылық тудырмаса және шаш туралы уайымға ешқандай себеп болмаса, онда дәл осы жаста алғашқы таздық дақтар пайда болады және шаштың сапасына, мөлшеріне және табиғи өзгеру процесіне қатысты проблемалар пайда бола бастайды.

алопеция шаш тусип түсіп жатыр

Көбінесе андрогендік алопецияның пайда болуы гормоналды бұзылулармен байланысты және себептері гендік деңгейде жатыр: еркек гормоны дигидротестостерон фолликуланы бұзады. Сондықтан, мұндай жағдайларда шашты қалпына келтіру тек шашты трансплантациялау арқылы мүмкін болады, қалған әдістер шаштың түсуін тек баяулатуы мүмкін.

Сарапшылар ерте алопециямен ауыратын адамдардың жас мөлшері «жасарып » келе жатқанын айтады. Егер бұрындары 30-дан асқан ер адамдар бұл проблемамен қаралған болса, қазір жасы он жеті жасар ер балаларға трансплантация қажет болған жағдайлар саны өте көп. Аурудың мұндай «жасаруы» спортқа деген шамадан тыс ынта-жігермен және адреналин мен тестостеронды ынталандыратын препараттарды қабылдаумен байланысты.

Себореялық алопеция

Себореялық алопеция-бұл себореялық дерматиттің нәтижес және сыртқы көрінісі. Дерматит дамыған сайын май бездері қабынуға ұшырайды, соның салдарынан олардың секрециясының реттелу процесі бұзылады. Май безінің көлемі үлкейіп, шаштың фолликуласын қысып тастайды. Бұл қысымның нәтижесі – шаштың түсуі және оның тамырының өлуі. Себореялық алопецияның қауіптілігі проблеманың белсенді немесе жедел формасы жоқ екендігінде. Көбінесе созылмалы аурудың фондық, белсенді емес күйінде жүреді. Бұлай шаштың түсуі негізгі аурумен бірге жүреді және негізгі себепті шешкеннен кейін ғана түзетіледі.

шаш тускенде түскенде не істеу керек

Симптоматикалық алопеция

Симптоматикалық таз «стресстік» деп те аталады. Бұл жағдайда «стресс» деген сөз тек психологиялық күйзелістерді ғана емес, сонымен қатар денеге кез-келген стресстік әсерді де білдіреді: ішкі ағзалардың аурулары, қатаң диета немесе гормоналды ауытқу. Әдетте, алопецияның бұл түрі стресстің түпкі себебін тауып, жойғаннан кейін ғана тиімді емге мүмкіндік береді

Тыртықты алопеция

Алопецияның бұл түрі дәнекер тінінің тыртықталған жерінде шаштың болмауымен сипатталады. Әдетте тыртықтық тазданудың пайда болуының себебі физикалық жарақаттар болып табылады – мысалы, күйік немесе терең абсцесс, саңырауқұлақпен зақымданулар немесе аутоиммундық аурулар. Тазданудың бұл түріне тән жалпы белгі-тыртықтың орнындағы шаш фолликуласының өлімі. Аурудың дамуының алғашқы кезеңдерінде дәрігерге қаралып, оның себебін емдеуге және шаштың табиғи өсуін қалпына келтіруге болады.

Алопецияның себептері қандай? Жоғарыда түсіндіргеніміздей, таздың әр түрінің өзіндік себебі және өзіндік емдеу әдісі бар. Стресстен ағзаның генетикалық бейімділігіне дейін көптеген себептер болуы мүмкін. Бұл ауруды емдеуде мәселенің негізгі себебін уақытылы анықтау сәтті терапияның үлкен мүмкіндігі болып табылады.

Шаш түсуімен қалай күресуге болады?

Алопецияның әр түрі өз себептерімен ғана емес, сәйкесінше емдеу әдістерімен де ерекшеленеді. Жалпы симптом тек бір: шаштың түсуі. Егер адам қалыпты жағдайда күніне 80-100 шаш жоғалтса, онда ауру болған кезде бұл көрсеткіш бірнеше есе артуы мүмкін. Алопецияның кездесетін жынысы немесе жасы жоқ, оны 15 және 50 жас аралығында кездестіруге болады, шаш әйелдерде де, еркектерде де жұқарады.

шаш туспес тусип калса

Жалғыз айырмашылық: ер адамдарда бұл шаштың толықтай немесе басының белгілі бір бөлігінің шашының түсуі, ал әйелдерде шаштың сапасы мен тығыздығын жоғалтуы, жұқаруы түрінде көрінеді. Түсіну қажет: пациент емдеуді неғұрлым ертерек бастаса, мәселені тезірек шешу мүмкіндігі немесе шашты трансплантациялаудың қажеттілік уақытын созып, бірнеше жыл ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Асқынған аурулар жағдайында мәселеден шығудың бір ғана жолы бар: шаш фолликулаларын трансплантациялау. Бұл өте қымбат процесс.

Дегенмен, шаш емдеуге арналған өте жақсы препараттар бар. Бұл препараттар зақымдану аймағына енгізіліп, бірқатар қалпына келтіру процестерін бастайды. Ағзаның өзі үшін «туған» жасушалардан эликсир алуына байланысты иммунитет мұндай терапияны қарсы сыртқы орта ықпалы ретінде қабылдамайды және сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шаш емдеуге арналған дәрілер

Perfect Hair маскасы. Perfect Hair емдік маскасы алопецияның ерте кезеңінде өте тиімді. Егер сіз шашыңыздың жиі түсуін байқасаңыз, бірақ таздық дақтар әлі пайда болмаса, онда бұл масканы аурудың дамуына жол бермес үшін қолдану уақыты келді. Егер сіздің шашыңыз қалыңдығын жоғалта бастаса немесе ешқашан қалың болмаса, онда бұл масканы ертерек қолданған дұрыс. Сонымен қатар, препарат шашты жылтыратады және дәрумендер және минералдармен қоректендіреді. Препарат сәл қымбат, бірақ тұрарлықтай.

шаштың түсуі

Minoxidil – бұл алопецияның асқынған жағдайларын қалпына келтіруге арналған салыстырмалы түрде жаңа дәрі. Ол дақтар көріне бастағанда немесе шаш сиректігінен дәрігерге қаралу қажеттігі туғанда қолданылатын препарат. Басым көпшілігінде трихолог сізге осы дәріні тағайындайды. Препарат өте тиімді, бірақ бас терісінде құрғақтық тудыруы мүмкін. Бұл мәселе жақсы бальзаммен немесе бал мен шөптерден жасалынған маскалармен шешіледі.

шаш тусуден шаш туссе

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда бұл ең тиімді препараттардың бірі.

Leave a Comment